Президент сайлауы – 2019. Тәуелсіз Қазақстан халқының ерікті шешімі

9 Сәуір 2019, 15:11
2907
Бөлісу:
Президент сайлауы – 2019. Тәуелсіз Қазақстан халқының ерікті шешімі

Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына үндеуін жариялады. Қасым-Жомарт Кемелұлы үндеуінде 2019 жылдың 9-маусымында кезектен тыс ҚР Президент сайлауы өтетіндігін мәлімдеді. Осыған байланысты Қазақстан халқы Ассамблеясы «Жаңғыру жолы» қозғалысының Қарағанды аймақтық штабының жетекшісі Александр Урмашов пікір білдірді.

«Менің ойымша, аталған шешім уақытылы қабылданды. Әлемдегі тұрақсыздыққа байланысты екіұштылық мәселесін айрықша бақылауда ұстау қажет. Көптеген елдерде биліктің ауысу кезінде, сайлау жүйесі уақытында әртүрлі бүлдіргіш күштер тұрақсыздық жағдайын туғызуға әрекет етеді. Біз тәуелсіз қазақстандықтар осы уақытта өзіміздің азаматтық позициямызды айқындап көрсетіп, мұндай жағдайдың туындауын болдырмауымыз қажет», - дейді «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының Қарағанды аймақтық штабының жетекшісі Александр Урмашов.

Александр 9 маусым Қазақстанның тарихындағы жаңа кезеңнің басталатындығын, ел болашағының жастардың қолында екендігін айтады.

«Осы күннен бастап мемлекет дамуындағы мүлдем жаңа кезең бастау алады.  Сондықтан да, елдің ертеңі біздің қолымызда. Қазіргі уақытта Қазақстанның саяси жағдайы қалыпты, және де біз әрі қарай да еліміздің бейбітшілік пен келісім, сабақтастық бағытындағы саясатын дамытып, мемлекеттің стратегиялық серіктестерімен қатынасын нығайтатын боламыз», - дейді ол.
Өзгелердің жаңалығы