24 қыркүйекте "Бірге таза Қазақстан" күзгі экологиялық айлығы және жалпы қалалық сенбілік аясында Президент саябағында қайың тоғайы пайда болды, деп хабарлайды BAQ.KZ қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Жалпы қалалық сенбілік кезінде Президент саябағы аумағында 400-ге жуық ағаш отырғызылды. Оның ішінде сібір шыршасы – 150 дана, қайың – 250 дана.
Ағаш отырғызу іс-шарасына қала мәслихатының депутаттары, әкімдік, Аmanat партиясының өкілдері, елорданың қоғамдық кеңесінің, рухани-діни бірлестіктердің мүшелері, Успен соборының, ардагерлер кеңесінің, Бейбітшілік және келісім сарайының, Тәуелсіздік сарайының, "Жас сарбаз" әскери-патриоттық клубының қызметкерлері, спортшылар, әртістер мен еріктілер қатысты.
Бүгін біз сенбілікке, ағаш отырғызуға қатыстық, Бейбітшілік және келісім сарайының жанындағы саябаққа 400 ағаш отырғыздық, осы шараны қалалық әкімдік пен аудандық әкімдіктер ұйымдастырды. Екінші жыл қатарынан қаламызды көгалдандыруға қатысып келеміз, – деді көркем гимнастикадан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, қалалық федерацияның вице-президенті және гимнастика мектебінің директоры Анна Алябьева.
Сондай-ақ қаланың барлық аудандарында жалпы ауданы 2,8 млн шаршы метрден астам саябақтар мен гүлзарлар тазартылып, мыңға жуық ағаш отырғызылды. Елордалық полигонға 460 тоннаға жуық қалдық жиналып, шығарылды.
Сенбілік қысқы кезеңге дайындыққа және абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау жұмыстарын жүргізуге бағытталған. Қоғамның назарын экологиялық мәдениетті қалыптастыру мен табиғатты сақтаудың маңыздылығына аудару басты мақсат болып табылады.
Сенбілікке 27 мыңнан астам адам қатысты, олардың ішінде аудандық әкімдіктер, коммуналдық кәсіпорындар, тұрғындар, студенттер, еріктілер, экоактивистер, ПИК және МИБ ұжымдары және Мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, сондай-ақ 2,5 мыңға жуық кәсіпорындар мен ұйымдар бар.
Сондай-ақ елорда тұрғындары мен ұйымдары айлық кезінде тұрғын үй аймақтары мен аула аумақтарын санитарлық тазалау жұмыстарын жүргізуге шақырды.
Естеріңізге сала кетейік, "Бірге таза Қазақстан" экологиялық айлығы аясында 4 коммуналдық сенбілік өтеді, әр сенбі сайын 15 қазанға дейін 10 мыңнан астам жасыл желек отырғызу жоспарланған.