Президент сапары: Саясаттанушы кездесуде не талқыланатынына болжам жасады

28 Қараша 2022, 13:16
1904
Бөлісу:
Президент сапары: Саясаттанушы кездесуде не талқыланатынына болжам жасады
Фото: Ақорда

Президент алғашқы сапарын неге Ресейден бастайды? Екі ел арасындағы қандай мәселелер талқыланады? Ресейлік саясаттанушылардың даулы мәлімдемелері туралы айтыла ма? Орталық Азия демократияны дамыту орталығының директоры, саясаттанушы Толғанай Үмбетәлиевадан сұрап көрдік, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Менің ойымша, ресми кездесуде экономикалық мәселелер талқыланады. Өйткені Ресейдің қатысуымен өткен соңғы кездесулердің күн тәртібіне көз жүгіртсек, көп тақырып қамтылып жүргенге ұқсайды. Алайда, көпке белгілі ресейлік БАҚ айтып жүрген нәзік тақырыптар жабық қаралады, - деді Үмбетәлиева.  

Оның айтуынша, ресми сапар - әркез белгілі бір мақсатпен болады.

Ресейлік саясаттанушылардың еліміз туралы пікірлері жайдай жай айтылып жүрген жоқ. Саясатта, әсіресе авторитарлық, тотритарлық елдедерде БАҚ-тары қатаң бақыланатын мемлекеттерде кездесоқ мәлімдемелер болмайды. Қазақстан туралы айтқан ресейлік саясаттанушы Орталық Азия жөнінде пікір айта алатын маман емес. Бірақ бір нәрсені рас айтып отырғандай сенімді сөйледі. Ресейдің біздің аумақ туралы жақсы білетін саясаткерлері көп емес. Сондықтан мұны бір зерттеудің тұжырымы ретінде емес, саяси интригаға теңер едім, - деді саясаттанушы.

Сарапшы Ресей тарапынан қандай ұсыныстар болуы мүмкін екенін айтты.

Елді дүрліктірген ойды екі ел президенті талқыламайды. Меніңше,  Ресей Қазақстанмен Украинадағы жағдайды ескере отырып, арасындағы қарым-қатынастың одан әрі өрбу жолын қарастырады, - деді саяси ғылым кандидаты

Өзгелердің жаңалығы