Президент Санкт-Петербургтегі Мемлекеттік орыс музейіне барды

27 Желтоқсан 2022, 16:21
829
Бөлісу:
Президент Санкт-Петербургтегі Мемлекеттік орыс музейіне барды

Президент Ресейге жасаған жұмыс сапарының аясында Санкт-Петербург қаласындағы Мемлекеттік орыс музейіне барды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа музей экспонаттары мен сирек өнер туындылары көрсетілді. Бұл туралы Ақорданың Телеграм каналы жазды.

Сондай-ақ музейде Қазақстан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан мемлекеттері басшыларының бейресми кездесуі өтті.

Өзгелердің жаңалығы