Президент Саха Республикасының басшысы Айсен Николаевты қабылдады

24 Қаңтар 2023, 14:36
1299
Бөлісу:
Президент  Саха Республикасының  басшысы Айсен Николаевты қабылдады
PHOTO
Фото: Ақорда

Кездесуде Қазақстанның өңірлері мен Саха Республикасы арасындағы сауда-экономикалық, ғылыми және мәдени-гуманитарлық, сондай-ақ цифрландыру салаларындағы өзара тиімді кооперацияларды дамытудың перспективалары талқыланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Ақорданың ресми сайты мәлімдейді.

 Мемлекет басшысы белсенді өңіраралық ынтымақтастық өзара сауда көрсеткіштеріне оң ықпал еткенін айтты. Президенттің пікірінше, өңіраралық сауда көлемі айтарлықтай артты. 

Президент  Саха Республикасының  басшысы Айсен Николаевты қабылдады

Қазақстан сауда қатынастарын одан әрі тереңдетуге мүдделі. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Саха Республикасын тамыры терең тарихи және мәдени-гуманитарлық қарым-қатынастар байланыстыратын атап өтіп, ынтымақтастықты кеңейтуге ерекше назар аударатынын айтты. 

Кездесуде Айсен Николаев Саха елі Қазақстан компанияларымен өнеркәсіп өнімдері, минералды ресурстар және зергерлік бұйымдар салаларында сауда-саттық жасауға дайын екенін жеткізді.

Президент  Саха Республикасының  басшысы Айсен Николаевты қабылдады

 Сонымен қатар Якутия цифрлық технология, креативті индустрия мен кинематография бағытында да байланыс жасауға ниетті. 

Өзгелердің жаңалығы