Президент Ресейдің Энергетика министрін қабылдады

19 Сәуір 2025, 12:47
397
Бөлісу:
Президент Ресейдің Энергетика министрін қабылдады
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Ресейдің Энергетика министрі Сергей Цивилевті қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстан мен Ресей президенттерінің келісіміне сәйкес, Қасым-Жомарт Тоқаев РФ Энергетика министрі Сергей Цивилевті қабылдады. Министр Мемлекет басшысына Ресей Президенті Владимир Путиннің хабарламасын жеткізді.

Кездесу барысында Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттарының бірі саналатын энергетика саласындағы серіктестік перспективасы талқыланды.

Өзгелердің жаңалығы