Президент: Қазір жұмыс берушілер үшін ең бастысы диплом емес

5 Қазан 2023, 12:10
844
Бөлісу:
Президент: Қазір жұмыс берушілер үшін ең бастысы диплом емес
Фото: Арман Мухатов - архив

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Республикалық педагогтер съезіне қатысып, баяндама жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының сөзінше, балаларымыз заманға сай озық білім алуы қажет.

Екінші мәселе, балаларымыз заманға сай озық білім алуы қажет. Қазір еңбек нарығы өте жылдам өзгеруде. Көптеген салаға жасанды интеллект еніп жатыр. Бұл үдеріс жылдан жылға қарқын ала беретіні сөзсіз. Бүгін жоғары сұранысқа ие мамандық ертең қажет болмай қалуы мүмкін. Ғалымдар 2050 жылға қарай қазіргі кәсіптердің жартысына жуығын цифрлық және техникалық жүйелер алмастырады деген болжам айтуда. Сондықтан, азаматтарымыз жаңа заманға қажетті дағдыларды үйренуі керек. Бұл – өте маңызды міндет, - деді Тоқаев.

Қасым-Жомарт Тоқаев қазір жұмыс берушілер үшін ең бастысы диплом немесе сертификат емес екенін айтты.

Бұрын «алған дипломың өмір бойы азық болады» деген түсінік бар еді. Енді оның орнын «Өмір бойы оқы және үйрен» деген қағида басуы керек. Қазір жұмыс берушілер үшін ең бастысы диплом немесе сертификат емес. Олар іздене білетін, жаңа талапқа икемделе алатын, тәртіпті және ұқыпты жас мамандарды бағалайды. Яғни, қызметкердің қолындағы қағазға емес, қарым-қабілетіне мән береді. Сондықтан, әр азамат үздіксіз оқуы керек. Осындай білімге құштарлықты баланың бойына мектептен бастап сіңіру қажет. Яғни, балаларымыз білікті маман болсын десек, ең алдымен, орта білім сапалы болуы керек, - деді Президент.

Өзгелердің жаңалығы