Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Халық Кеңесінің кейбір мәселелері туралы» Жарлыққа қол қойды.
Еске сала кетейік, Қазақстан Халық Кеңесі – мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен іске асыруға азаматтық қоғамның қатысуын қамтамасыз ететін жоғары конституциялық консультативтік орган. Оның негізгі міндеттері – елдің ішкі саясаты бойынша жалпыұлттық диалогты дамыту, қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті нығайту, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен қоғам арасындағы өзара іс-қимылды күшейту. Кеңес заң жобаларын ұсыну, қоғамдық талқылаулар өткізу және референдум өткізу туралы бастама көтеру құқығына ие.
Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.