Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан футбол құрамасының футболшыларын бүгінгі жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бүгін Беларусь командасын жеңген футболшыларымыз Ұлттар лигасындағы өз тобында жеке-дара көш бастады. Бұл – отандық футболдың зор жетістігі. Ұлттық құрамамызды құттықтаймын! Жеңістен жеңіске жете беріңіздер! - деп жазды Тоқаев Twitter парақшасында.
Айта кетейік, бүгін Қазақстан өз алаңында Беларусь құрамасын жеңіп, UEFA Ұлттар лигасының В дивизионына жолдама алды.
Екі құрама бұған дейін бір-бірімен алты ойын өткізген болатын.