Президент Қазақстан-Франция инвестициялық дөңгелек үстеліне қатысты

5 Қараша 2024, 22:43
339
Бөлісу:
Президент Қазақстан-Франция инвестициялық дөңгелек үстеліне қатысты
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қазақстан-Франция инвестициялық дөңгелек үстеліне қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қасым-Жомарт Тоқаев Франция бизнес капитандарының алдында сөйлеген сөзінде экономикалық ынтымақтастықты қазақ-француз стратегиялық серіктестігінің басты факторы ретінде атады.

Біз Францияның Орталық Азиядағы негізгі сауда-экономикалық және инвестициялық серіктесі болғанымызға қуаныштымыз. Францияның аталған аймақпен сауда-саттығының 80 пайызы Қазақстанға тиесілі. Биыл екіжақты сауда айналымы 45 пайызға ұлғайды. Біз бұл үдерістің сақталғанын қалаймыз. Сондай-ақ Франциядан тартылған тікелей инвестиция көлемі 15 пайызға артып, 900 миллион долларға жуықтады. Бұл – рекордтық көрсеткіш. Қазіргі кезде Қазақстан нарығында 200-ден астам француз кәсіпорны, соның ішінде Total, Alstom, Orano, Danone, Vicat, Airbus секілді танымал компаниялар жұмыс істейді, – деді Президент.

Мемлекет басшысы Қазақстан экономиканы трансформациялау жөнінде өршіл міндет қойғанын айтты. Бұл мақсатқа жету үшін Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) халықаралық стандарттары мен қағидаттарына сәйкес ауқымды саяси-экономикалық реформалар жүргізіліп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы