Президент «Қаңтар қасіреті» туралы: Қажетті шараның бәрін қабылдаймыз

17 Ақпан 2022, 20:41
1255
Бөлісу:
Президент «Қаңтар қасіреті» туралы: Қажетті шараның бәрін қабылдаймыз

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «QAZAQSTAN» ұлттық телеарнасына берген сұхбатында айтты. 

Президент «қаңтар қасіретіне» тоқталды. 

Мен осы сұраққа бірнеше рет жауап бердім. Мұның алдын ала жоспарланған әрекет екені анықталды. Арнайы дайындықтан өткен қылмыстық топтар, лаңкестер оқиғаның бел ортасында жүріп, қарақшыларды, құқық бұзушыларды басқарды. Әрине, бұзақы топтардың арасында бейбіт азаматтар да болды. Енді, оларды, лаңкестерден, қарақшылардан бөліп алуымыз керек. Бұл – өте күрделі мәселе. Мұның бәрін тергеу жұмыстары анықтайды. Жалпы, мына нәрсені дұрыс түсінуіміз керек. Алаңда шыққандардың бәрін түгел бейбіт шеруші деп айтуға болмайды, - деді Мемлекет басшысы. 

Сонымен қатар Президент бұл ешқандай ақылға сыймайтын нәрсе деп отыр. 

Көзі ашық, ары таза адам мұндай жалған тұжырымға ешқашан сенбейді. Ең алдымен, лаңкестер жағдайды ушықтырды. Олардың мақсаты – елдің тұтастығын бұзу, халықты қорқыту. Ал, бейбіт шерушілер солардың қармағына түсті. Қазір сол кінәсіз азаматтардың құқығын қорғауымыз керек. Мен әрбір іс бойынша мұқият тергеу жүргізу керек деп айттым. Адамдардың құқығын бұзған тұлғалар жазаға тартылады. Біз бұған қажетті шараның бәрін қабылдаймыз. Еш күмән болмасын, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Өзгелердің жаңалығы