Президент Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесін қабылдады

2 Қазан 2020, 17:23
1478
Бөлісу:
Президент Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесін қабылдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Рауан Кенжеханұлын қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Қазақстан Президентіне Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған іс-шаралар аясында берілген тапсырма бойынша ақын шығармаларының он тілге аударылғаны жөнінде есеп берілді. Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында оқулықтардың қазақ тіліне аударылуы туралы баяндалды. Рауан Кенжеханұлының айтуынша, бұл жоба жыл аяғына дейін аяқталады. Жалпы 100-ден астам оқулық аударылған, - делінген таратылған ақпаратта.

Кездесу барысында балалар арасындағы суицидтің алдын алу мәселесіне, білім берудің онлайн-платформасын дамытуға, сондай-ақ, аударма және терминология салаларына қатысты мәселелер талқыланды.

Президент Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесін қабылдады

Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы аталған мәселелердің маңызды екенін атап өтіп, мүдделі мемлекеттік органдарға үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп, оларды пысықтауды тапсырды.  



Өзгелердің жаңалығы