Президент православ қауымын Пасха мерекесімен құттықтады

5 Мамыр 2024, 08:00
547
Бөлісу:
Президент православ қауымын Пасха мерекесімен құттықтады
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ -архив

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі православ қауымын Пасха мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Ақорда мәлімдеді. 

 

Құрметті еліміздің православ қауымы!

Баршаңызды Пасха мерекесімен құттықтаймын!
Бұл мейрам – мейірімділік пен ізгіліктің көрінісі. Мереке кезінде діндар қауым зор қуанышқа кенеледі, болашағы жарқын боларына сенімі артады.

Жалпыұлттық мәдени кодымызбен берік сабақтасып жатқан Пасха дәстүрлері жұртты жасампаздыққа жетелейді. Сондай-ақ мұқтаж адамдарға көмектесуге, жақын жандарға жанашырлық танытуға шақырады.

Православ қауымы қоғамда өзара түсіністік пен келісімді сақтауға, бірлік және тілеулестік сияқты басты құндылықтарды орнықтыруға зор үлес қосып келеді.

Біз халқымыздың қайсарлығы мен ынтымағының арқасында барлық қиындықты еңсереміз. Әділетті Қазақстанды құру үшін биік белестерді бағындыра береміз.

Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке және толағай табыс тілеймін! - делінген Мемлекет басшысының құттықтауында.

Өзгелердің жаңалығы