Президент Паралимпиада ойындарының чемпионы Ақмарал Науатбекті құттықтады

Кеше, 22:23
199
Бөлісу:
Президент Паралимпиада ойындарының чемпионы Ақмарал Науатбекті құттықтады
Фото: BAQ.KZ архив

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Паралимпиада ойындарының чемпионы Ақмарал Науатбекті құттықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

Ақмарал Науатбекті Паралимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алуымен құттықтаймын! Сіз ел мерейін асырып, спорт жанкүйерлеріне зор қуаныш сыйладыңыз. Қажырлы еңбек пен қайтпас қайсарлықтың арқасында ең мықты қарсыластарыңыздан басым түстіңіз. Жеңісті күндеріңіз көп болсын! – деп жазды Президент өзінің Х әлеуметтік желідегі парақшасында.

Еске салайық, бұған дейін пара дзюдодан 48 кг салмақ дәрежесінде (J2 санаты) белдескен Ақмарал Науатбек алтын жүлдені жеңіп алған болатын.

Президент Паралимпиада ойындарының чемпионы Ақмарал Науатбекті құттықтады
Өзгелердің жаңалығы