Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің ірі бизнес өкілдерімен кездесуі кезінде отандық кәсіпкерлер кеңесін құруды тапсырды.
Әлеуметтік-экономикалық реформалар бағытының бірі ретінде әрқайсыңыз өз өкілдеріңізді жіберіп, жеке қатыса алатын жобалық топ құру қажет, - деп айтты Мемлекет басшысы.
Тоқаев бұл мәселеде бюрократия мен орынсыз формализмнің қажетсіз екенін алға тартты.
Әрқайсысыңыз істің адамысыздар. Дайындалған пакеттер мен ұсыныстар жаңа экономикалық саясаттың орта мерзімді бағдарламасының негізін құрауы тиіс. Үкімет жанынан отандық кәсіпкерлер кеңесін құруды тапсырамын. Мұндай орган бизнестің ойлары мен идеяларын тікелей жеткізуге мүмкіндік беріп, көштен кейінгі шешімдерді азайтады деп ойлаймын. Мен де сіздермен бүгінгідей тұрақты кездесулер өткізуге дайынмын, - деп толықтырды Қасым-Жомарт Тоқаев бизнес өкілдерімен кездесуі кезінде.
Бұған дейін Мемлекет басшысы Үкіметке карантин жағдайындағы бизнестің жұмысын қайта қарауды тапсырған болатын.