Президент «Орталық Азия + Шығанақтағы араб мемлекеттерінің ынтымақтастығы кеңесінің» бірінші саммитіне қатысты

20 Шілде 2023, 00:33
690
Бөлісу:
Президент «Орталық Азия + Шығанақтағы араб мемлекеттерінің ынтымақтастығы кеңесінің» бірінші саммитіне қатысты
Фото: akorda.kz

Президент өз сөзінде Орталық Азия мен Шығанақтағы араб мемлекеттері басшыларының бүгінгі кездесуі, ең алдымен, уақыт талабы және көпжақты ынтымақтастықты мүлде жаңа деңгейге көтеру жолында өзара түсіністік бар екенін көрсететініне назар аударды деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Президенттің айтуынша, біздің елдеріміз екіжақты форматта берік әрі үйлесімді мемлекетаралық қатынас орнатты. Сенімді әрі белсенді саяси диалог, сауда-экономикалық ынтымақтастық дамып, мәдени-гуманитарлық байланыстарды тұрақты түрде нығайып келеді.

Жаһандық орнықты даму мәселесі бойынша мемлекеттеріміздің халықаралық аренадағы көзқарастары – ортақ немесе жақын. Жалпы, қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі мақсаттары да бір. Тарихи байланыстар, ортақ рухани құндылықтар, достық пен бауырластық – қарым-қатынасымыздың берік негізі екені сөзсіз. Қазақстан бүгінгі кездесуге ерекше мән береді. Шығанақ елдерінің саяси ықпалы, экономикалық және инвестициялық әлеуеті зор. Олар – көптеген негізгі бағыттар бойынша біздің ең маңызды серіктесіміз. Орталық Азия мемлекеттерінің ішкі аймақтық ынтымақтастығын жандандырып, өңірдің жаһандық маңыздылығын күшейту қажет деп санаймыз. Бұл көпжақты ықпалдастықты тереңдету үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Осы іске «Орталық Азия +» диалог форматы елеулі үлес қосатыны сөзсіз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Өзгелердің жаңалығы