Президент: Орнықты дамудың ең басты кепілі - тұрақтылық

29 Сәуір 2022, 12:11
1349
Бөлісу:
Президент: Орнықты дамудың ең басты кепілі - тұрақтылық

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді.

Саяси өзгерістер халқымызды ұйыстырып, азаматтарымыздың біртұтастығына жаңа серпін берді. Бұл - заңды құбылыс. Себебі осы өзгерістер демократиялық құндылықтарды нығайтуға бағытталған. Сондай-ақ жаңа саяси мәдениет қалыптастыруды көздейді. Азаматтарды белсенді әрі жасампаз болуға шақырады, -деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы атағандай, орнықты дамудың ең басты кепілі - тұрақтылық.

Бұл тұжырым Ассамблеяда талай рет айтылды. Оның дұрыстығын қазіргі тарихымыз дәлелдеп отыр, - деді Қазақстан халқы Ассамблеясының «Ел бірлігі – жаңарған Қазақстанның тірегі» атты ХХХІ сессиясында.

Өзгелердің жаңалығы