Президент Жарлығымен өндірістік қызметке сіңірген ерекше еңбегі үшін, сондай-ақ «Теңізшевройл» ЖШС 30 жылдығы құрметіне орай бірқатар қызметкер марапатталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекет басшысының Жарлығымен өндірістік қызметке сіңірген ерекше еңбегі үшін, сондай-ақ «Теңізшевройл» ЖШС 30 жылдығы құрметіне орай наградталды:
«Құрмет» орденімен:
1. Оразов Жанұзақ, еңбек ардагері;
2. Сейтаев Жеңіс Сейітжапарұлы, еңбек ардагері;
3. Сүйесінов Көбентай, еңбек ардагері.
III дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен:
1. Әбілғазиев Мұхит Малашұлы, еңбек ардагері;
2. Қарабалин Мырзақуат Әбілқайырұлы, еңбек ардагері;
3. Торопкин Леонид Иванович, еңбек ардагері;
4. Ұйпақов Айтқали Жиенәліұлы, еңбек ардагері.
«Ерен еңбегі үшін» медалімен:
1. Бижанов Данияр Сақтапұлы, «Теңізшевройл» ЖШС екінші буындағы зауытының басқарушысы;
2. Ерниязов Болат Тұрғалиұлы, еңбек ардагері;
3. Жәкиев Орынбай Ысмағұлұлы, еңбек ардагері;
4. Инебаев Руслан Қаршығаұлы, «Теңізшевройл» ЖШС біріктірілген өндірісті басқару орталығының басшысы.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет грамотасымен «Теңізшевройл» зауытының басшысы Нұрлан Бектаев марапатталды.