Президент: "Менің Түркістанға ықыласым ерекше"

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістанға ықыласының ерекше екенін айтты.

 Ақорда Бүгiн 2026, 13:36
Бүгiн 2026, 13:36
117
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысының жұртшылығымен кездесуде сөз сөйледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

Бүгін атажұртымыздың алтын бесігі – Түркістан шаһарына тағзым ету үшін арнайы келіп отырмын. Ризамын. Менің Түркістанға ықыласым ерекше екенін жақсы білесіздер. Мемлекет басшысы ретінде алғашқы сапарымды осы өлкеден бастадым. Түркістан – түбі бір түркі жұртының қасиетті шаңырағы.  Бұл – халқымыздың болмыс-бітімі, қайсар рухы, теңдессіз мәдениеті және елдік дәстүрі көрініс тапқан киелі жер, - деп атап өтті Президент.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы киелі мекендегі рухани қазынаға тоқталды.

Әйгілі Қожа Ахмет Ясауидің мол мұрасы – шежірелі шаһардың рухани қазынасы. Әзірет Сұлтан кесенесі – түркі әлемінің берекелі тұтастығының символы. Төл тарихымызда есімі алтын әріппен жазылған тұғырлы тұлғаларымыз осы жерде мәңгілік мекенін тапқан, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Наверх