Президент мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын нақтылап берді - Қарин

3 Қаңтар 2024, 16:20
443
Бөлісу:
Президент мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын нақтылап берді - Қарин
Фото: BAQ.KZ - архив

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Президенттің “Егемен Қазақстанға” берген сұхбатына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мемлекет басшысының «Egemen Qazaqstan» газетінде жарияланған сұхбатының форматы әңгімелесу сипатында болғанымен, көлемі мен мазмұны тұрғысынан алғанда бағдарламалық мақала деуге әбден болады. Өйткені сұхбат қойылған сұрақ пен берілген жауаптың көптігімен ғана емес, қоғамда қызу талқыланып жатқан көкейтесті мәселелерді тұтастай қамтығанымен ерекшеленіп тұр. Солайша, Президент мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары бойынша күн тәртібін айқындап, бағдарын нақтылап берді, - деді ол.

Ол Мемлекет басшысы бірқатар бастама мен жобаның жай-жапсарын жеткізгенін айтты.

Біз үшін Президенттің ішкі саясат және идеология саласына қатысты айтқан ой-пікірі мен белгілеген басымдықтары аса маңызды. Мемлекет басшысы бірқатар бастама мен жобаның жай-жапсарын жеткізіп, аңдатпа жасады, - деді Қарин.

- Ұлттық құрылтайдың кезекті отырысы өтеді;
-Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты жазаны қатаңдату қолға алынады;
2024 жылы өтетін айтулы іс-шаралар мен басқа да атаулы күндердің бет-бейнесін белгіледі.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың тақырыпқа шығарылған «Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керек!» деген сөзі барлық идеяның өзегі. Жалпы алғанда, бұл сөз Президент жүргізіп отырған идеологиялық бағыттың шағын формуласы. Бұл сөз қоғамды жасампаздыққа жетелейді: өткен күнмен өмір сүрмей, болашаққа нық қадам басуға үндеп, халықты бөлетін емес, біріктіретін жалпыұлттық құндылықтарды басшылыққа алуға шақырады, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы