Президент мемлекеттік наградалар туралы Жарлыққа қол қойды

10 Қыркүйек 2022, 12:35
1000
Бөлісу:
Президент мемлекеттік наградалар туралы Жарлыққа қол қойды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қызметтік борышын атқару үстінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін наградталсын:

Төтенше жағдайлар министрлігі бойынша

ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен

 

Тоғызбаев Айдос Ерұланұлы (марқұм)

 – 

Абай облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 14 өрт сөндіру бөлімінің жүргізушісі  

Тұрлыбеков Амангелді Айтмұхашұлы

 –

Абай облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 14 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі;

 

«Ерлігі үшін» медалімен

Нұрлан Сәлімжан  

–  

 

  Абай облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 14 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі.                        

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

                 Президенті                                                                               Қ.Тоқаев

 

 

Өзгелердің жаңалығы