Президент мемлекет қайраткері Елеусін Сағындықовты қабылдады

2 Қазан 2023, 17:44
489
Бөлісу:
Президент мемлекет қайраткері Елеусін Сағындықовты қабылдады
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұзақ жылдар бойы әртүрлі жоғары лауазымды мемлекеттік қызмет атқарған еңбек ардагері Елеусін Сағындықовпен кездесіп, елдің дамуы жөнінде пікір алмасты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Елеусін Сағындықов Президенттің бастамасымен Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси-экономикалық реформаларға қолдау білдірді.

Сондай-ақ Мемлекет басшысының биылғы «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылған негізгі міндеттерді жүзеге асыруға, атап айтқанда өңірлердің дамуындағы басымдықтарды айқындауға, сондай-ақ жергілікті және орталық атқарушы органдардың жұмысын жетілдіруге қатысты ұсыныстарын жеткізді.

Өзгелердің жаңалығы