Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевпен телефон арқылы сөйлесті.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Нұрлан Ноғаев Қасым-Жомарт Тоқаевқа өңірдегі қоғамдық-саяси ахуал жөнінде, сондай-ақ Маңғыстау облысын дамытудың кешенді жоспарында қарастырылған іс-шаралардың орындалу барысы туралы баяндады.
Әңгімелесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев облыстың әлеуметтік-экономикалық даму перспективаларына қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.