Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Президент Малайзия Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

31 Тамыз 2024, 12:01
880
Бөлісу:
 Ақорда
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Малайзия Королі Сұлтан Ибрагимді Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстан Президенті Малайзияның әлеуметтік-экономикалық бағытта жоғары жетістіктерге жеткенін атап өтті. Сондай-ақ екі ел арасындағы қарым-қатынастардың қарқынды дамып келе жатқанына тоқталып, ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екенін жеткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Король Сұлтан Ибрагимнің барлық бастамасына табыс, ал достас Малайзия халқына бақ-береке тіледі.

Өзгелердің жаңалығы