Президент Мәдина Әбілқасымованы қабылдады

18 Желтоқсан 2019, 17:55
2770
Бөлісу:
Президент Мәдина Әбілқасымованы қабылдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымованы қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Мәдина Әбілқасымоваға банк жүйесін тұрақтандыруды және қаржы секторын дамытуды қамтамасыз етуге қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.

Жаңа Агенттік Алматы қаласында орналасады.

Естеріңізге сала кетейік, мемлекет басшысының Өкімімен Мәдина Ерасылқызы Әбілқасымова Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі төрағасының орынбасары қызметінен босатылып, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы қызметіне тағайындалған болатын.

Өзгелердің жаңалығы