Мәдина Әбілқасымова бір жылда төртінші рет қызмет ауыстырды

18 Желтоқсан 2019, 12:18
3145
Бөлісу:
Мәдина Әбілқасымова бір жылда төртінші рет қызмет ауыстырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. М.Е. Әбілқасымованы Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Мәдина Ерасылқызы Әбілқасымова Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы болып тағайындалсын, - делінген хабарламада. 
Мемлекет басшысының Өкімімен Мәдина Ерасылқызы Әбілқасымова Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі төрағасының орынбасары қызметінен босатылды. 

2018 жылы ақпаннан бастап – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болды.

2019 жылы ҚР Ұлттық эканомика вице-министрі болды.

2019 жылы ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары. 

Өзгелердің жаңалығы