Президент кубогына қатысатын боксшылар анықталды

4 Шілде 2019, 09:16
1419
Бөлісу:
Президент кубогына қатысатын боксшылар анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 15-21 шілде аралығында елордада бокстан Президент кубогы өтеді.

Бұл xалықаралық жарыс - әлем чемпионаты қарсаңында ұйымдастылып отыр. Сондықтан ұлттық құрама қатарына ілігетін боксшылар тап осы турнирде таңдалады. Команда бас бапкері Ғалымбек Кенжебаев Президент кубогына қатысатын боксшылардың тізімін жариялады:

52 келі - Әнуар Мұзапаров;
57 келі - Қайрат Ерәлиев; 
63 келі - Зәкір Сафиуллин, Санатәлі Төлтаев;
69 келі - Асланбек Шымбергенов, Абылайхан Жүсіпов; 
75 келі - Тұрсынбай Құлахмет, Әбілхан Аманқұл, Талғат Шайкен;
81 келі - Нұрбек Оралбай;
91 келі - Василий Левит, Айбек Оралбай; 

+91 келі - Қамшыбек Қоңқабаев.

Өзгелердің жаңалығы