Президент коронавирустың қайта тарауына дайын болуға шақырды

27 Мамыр 2020, 13:28
3562
Бөлісу:
Президент коронавирустың қайта тарауына дайын болуға шақырды
Фото: ашық дереккөз

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында сөйлеген сөзінде халықты коронавирустың қайталануы жағдайына дайын болуға шақырды. 

Жиын барысында ол, қазір әлем елдері үшін биологиялық қауіпсіздік мәселесі маңызды болып отырғанын айтты.
Мен бұған дейін коронавирустың қайталануына дайын болуымыз керектігін айтқан едім. Еліміздің және көрші мемлекеттердің аумағында табиғи ошақтардың және басқа да қауіпті инфекциялардың болуымен жағдай шиеленісе түсуде. Соңғы кезде қабылданған бірқатар шаралар инфекциялық бақылау бойынша сантиралы-эпидемиялық жағдайдың босаңсуына әкелді, - деді Президент. 

Мемлекет басшысының айтуынша, санитарлық-эпидемиологиялық қызметті күшейтіп, институттандыру қажет.
Өз тиімділігін көрсеткен моделді қайта қарау керек. Бұл бағытта мемлекеттік бас санитар дәрігердің мәртебесі мен құзыретін арттыру бойынша жаңа комитетті құру жұмысы басталып кетті. Мұндай реформа жасауға өмірдің өзі итермелеп отыр,- деді Тоқаев.

Сонымен қатар, ол осы қызметтегі кадрларды дайындау жүйесі қайта қаралып, мамандарды әлеуметтік қорғау шаралары қолға алынатынын айтты.
Одан бөлек, инфекциялық аурумен күресте шетелмен ынтымақтасты нығайту керек. Биологиялық қауіпсіздік жүйесі жалпыға ортақ стандартпен жұмыс істеуі керек,- деді Президент. 
Мемлекет басшысы сондай-ақ жыл соңына дейін ҚР биологиялық қауіпсіздік жөніндегі заңын әзірлеуді тапсырды.



Өзгелердің жаңалығы