Президент коронавирус індетін жасырып отырғандарды әшкереледі

16 Қараша 2020, 21:35
2913
Бөлісу:
Президент коронавирус індетін жасырып отырғандарды әшкереледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстанның бірқатар облысында коронавирус індетіне қатысты жаңа жағдайларды жасыру деректері анықталды. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетінің таралуына қарсы іс-қимыл шаралары жөніндегі кеңесте мәлімдеді.

Яғни Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Ақмола, Қостанай және облыстар жайында болып отыр.  Өтірікті шындай сөйлету аса қауіпті құбылыс екенін түсіну керек. Өйткені ол шынайы қауіптің бетін бүркемелейді.

Сонымен қатар бүкіл еліміз бойынша коронавирус індетіне қарсы жүргізіліп жатқан күрес стратегиясына зиянын тигізеді, -дейді Тоқаев.  

Оның айтуынша, қазіргі жағдай жете бағаланбай, қабылданған шаралар толық жүзеге асырылмай отыр. Халықтың індеттен сақтану деңгейі төмендеп кеткен.

Бұл қазірдің өзінде әлемнің көптеген елдеріне қатысты аксиома. Аталған проблеманың біздің денсаулық сақтау жүйемізде де созылмалы сипат алғанын мойындауымыз керек, - деді мемлекет басшысы.

Президент Денсаулық сақтау министрлігіне Ұлттық статистика бюросымен бірге медициналық статистиканы қалыптастыру, бағалау және талдаудың кешенді тәсілдерін әзірлеуді тапсырды.  Сондай-ақ барлық денсаулық сақтау ұйымдарының толық дайындығын қамтамасыз ету тапсырылды.  Ол індет жұқтырғандардың барынша нақты есебін алу вируспен күрестің басты талабы екенін айтты.

Өзгелердің жаңалығы