Президент климаттың өзгеруі және көміртегі бейтараптығына қол жеткізу жөнінде айтты

14 Ақпан 2024, 21:38
357
Бөлісу:
Президент климаттың өзгеруі және көміртегі бейтараптығына қол жеткізу жөнінде айтты
Фото: Ақорда

Президент климаттың өзгеруі және көміртегі бейтараптығына қол жеткізу жөніндегі міндеттемелердің орындалу барысына тоқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Маусым айында 2-ші Астана халықаралық форумын өткіземіз. Тақырыбы – «Баянды болашақты бірге құрайық». Бұл алаң климаттың өзгеруі, азық-түлік тапшылығы және энергетикалық қауіпсіздік секілді көптеген өзекті проблеманы шешу үшін күш біріктіруге ықпал етеді деп сенемін. Бұдан бөлек, Қазақстан мен Франция Нью-Йорктегі БҰҰ Бас Ассамблеясы аясында One Water салалық саммитіне тең төраға болмақ. Сонымен қатар Астана 2026 жылы БҰҰ аясында Өңірлік климат саммитін өткізуге ниетті. Бұл да маңызды. Климат проблемасын осындай ұжымдық іс-әрекет пен ынтымақтастықтың арқасында ғана шешуге болады, – деді Қазақстан Президенті.

Сондай-ақ жиында Қатар Мемлекеті Консультативтік Кеңесінің төрағасы Хасан бен Абдулла Әл Ганима сөз сөйледі.

Сіздің Қатарға алғашқы мемлекеттік сапарыңыз екіжақты қарым қатынасты стратегиялық деңгейге көтеруде өте маңызды қадам саналады. Осы ретте сіздің сапарыңыздың аясында Консультативтік Кеңеске келуіңіз екіжақты байланыстарға, парламенттік дипломатияға тың серпін береді. Біз бұл бағытта жан-жақты жұмыс істеуге дайынбыз. Екіжақты ынтымақтастықты тереңдетуде Консультативтік Кеңес зор рөл атқарады. Екі ел парламенттерінің достық топтары бірлесе белсенді жұмыс істей бастайды деп сенемін. Жоғары Мәртебелі Президент мырза, былтыр елдеріміз өзара дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуын атап өтті. Екі мемлекет басшыларының кезекпен жиі сапар жасауы қарым-қатынастарымыздың деңгейін көрсетеді, – деді Консультативтік Кеңестің төрағасы.

Өзгелердің жаңалығы