Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркі мемлекеттері ұйымы саммитінің отырысында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Үшінші, «Жасыл экономиканы» дамыту – аса маңызды міндет. Климаттың өзгеруі көптеген жаһандық сын-қатерлер тудырып отыр. Бұл – бүкіл халықаралық қауымдастықты алаңдатып отырған мәселе. Оның экологиялық салдары елдеріміздің өркендеуіне кедергі келтіреді,- деді Президент.
Ол әлем елдері соңғы 7 жылда «жасыл» облигацияларға 2,5 триллион доллардан астам қаржы бөлгенін айтты.
Осы ретте, мен бұл саладағы капитал нарығын дамыту үшін «Түркі жасыл қаржы кеңесін» құруды ұсынамын. Оны «Астана» халықаралық қаржы орталығының Жасыл қаржы орталығы негізінде ашуға болар еді. Бүгінде «Астана» халықаралық қаржы орталығы әлемдегі ірі компаниялар арасында танымал болып, жоғары деңгейде мойындалды. Ол жаңа Кеңестің Хатшылығы қызметін атқара алады, -деді Мемлекет басшысы.