Президент Қарулы күштер қолбасшылығында бірқатар ауыс-түйіс жасады

22 Маусым 2021, 19:00
7136
Бөлісу:
Президент Қарулы күштер қолбасшылығында бірқатар ауыс-түйіс жасады
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысының өкімімен Қаныш Асанханұлы Әбубәкіров Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Құрлық әскерлері Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы лауазымынан босатылды.

Бұл туралы elbasy.kz сайты хабарлады.    

Сондай-ақ Президент өкімімен Мереке Мәтімұлы Күшікбаев Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Құрлық әскерлері Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды, ол «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымынан босатылды.

«Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымына Шайх-Хасан Саттарқұлұлы Жазықбаев тағайындалды.


Өзгелердің жаңалығы