Президент Иран Ислам Республикасына ресми сапармен барды

19 Маусым 2022, 12:38
1429
Бөлісу:
Президент Иран Ислам Республикасына ресми сапармен барды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Ибрахим Раисидің шақыруымен Иран Ислам Республикасына ресми сапармен келді.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Тегеран қаласында жоғары деңгейде келіссөз жүргізіледі және оның қорытындысы бойынша бірқатар екіжақты құжатқа қол қойылады деп жоспарланған. 

Сонымен қатар Қазақстан Президенті Иранның рухани көсемі Аятолла Әли Хаменеимен және басқа да ресми тұлғаларымен кездесу өткізеді.

Өзгелердің жаңалығы