Президент Иордания Королімен телефон арқылы сөйлесті

23 Наурыз 2023, 16:23
858
Бөлісу:
Президент Иордания Королімен телефон арқылы сөйлесті
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Иордания Королі II Абдалла бен Хусейнмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Ақорданың ресми сайты жазды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Иордания Хашимит Корольдігінің Королі II Абдалла бен Хусейнмен телефон арқылы сөйлесті. 

Мемлекеттер басшылары бір-бірін барша мұсылман қауымы үшін қасиетті саналатын Рамазан айының басталуымен құттықтады. 

Сондай-ақ екі елдің басшылары Қазақстан мен Иордания арасындағы қарым-қатынас перспективаларын талқылап, тұрақты байланысты жалғастыру жөнінде уағдаласты.

Өзгелердің жаңалығы