Президент: ЕҚЫҰ-мен ынтымақтастықты нығайту Қазақстан үшін басым бағыт

7 Маусым 2023, 12:44
577
Бөлісу:
Президент:  ЕҚЫҰ-мен ынтымақтастықты нығайту Қазақстан үшін басым бағыт
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы ЕҚЫҰ Бас хатшысы Хельга Шмидпен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астана халықаралық форумына қатысуға келгені үшін Хельга Шмидке алғыс айтып, аталған форум Батыс пен Шығыс арасындағы байланыстарды нығайтуға ықпал ететін жаңа алаң екеніне назар аударды.

Сіз бастап келген ЕҚЫҰ делегациясы осы форумда көптеген түйткілді мәселелердің оң шешілуіне елеулі үлес қосады деп санаймын. Өкінішке қарай, қазір әлемде ондай проблемалар бар. ЕҚЫҰ-мен ынтымақтастықты нығайту Қазақстан үшін басым бағыт саналады. Бізді ұйымның рөлі туралы пікірлер қайшылығы алаңдатады. 2010 жылы Астанада өткен саммиттен кейін министерлер деңгейінде де, басқа форматта да бірде-бір ресми құжат қабылданған жоқ. Әрине, бұл – алаңдатарлық жайт. Біз ұйым аясындағы байланыстарды нығайту қажет екеніне бұрынғыдай кәміл сенеміз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстан – ЕҚЫҰ-ның белсенді мүшесі.

Президент еліміздің ЕҚЫҰ-мен арадағы өзара тиімді серіктестік және ашықтық рухындағы тығыз қарым-қатынасын одан әрі нығайтуға және осы ұйымның Бас хатшысы Хельга Шмидке жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін мәлімдеді.

Өзгелердің жаңалығы