Президент еліміздің ірі кәсіпкерлерімен кездесті - Руслан Желдібай

9 Қыркүйек 2022, 21:14
980
Бөлісу:
Президент еліміздің ірі кәсіпкерлерімен кездесті - Руслан Желдібай

Жиын барысында Мемлекет басшысы алдағы уақытта бизнестің жұмысын жеңілдетуге бағытталған іс-шаралар туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ Руслан Желдібайдың жеке әлеуметтік парақшасындағы жазбасына сілтеме жасап.

Олар шағын, орта және ірі бизнесті де қамтиды.

Сондай-ақ нарықтағы негізгі ұстанымдарды еске салды. Мемлекеттің бизнес ісіне араласуы келмеске кетеді. Монополияға жол берілмейді. Ешбір кәсіпкерге басымдық берілмейді. Үкіметтегі, басқа жердегі жеке байланыстар көмектеспейді, - дейді ол.

Оның айтуынша әділетті Қазақстанда тек адал бизнеске жағдай жасалады.

Жалпы, бүгінгі кездесудің негізгі мақсаты – ірі бизнес өкілдеріне халықтың алдындағы әлеуметтік жауапкершілік туралы тағы бір ескерту. Яғни, бизнес-қоғамдастық елге қажет мектептер, балабақшалар, іргелі университеттер салуда, туризмді дамытуда белсенді түрде өз үлестерін қосуы тиіс,- дейді Руслан Желдібай.

Өзгелердің жаңалығы