Президент: Елімізде бірнеше құрылыс компаниясы ғана үстемдікке ие болып отыр

8 Ақпан 2022, 14:17
2110
Бөлісу:
Президент: Елімізде бірнеше құрылыс компаниясы ғана үстемдікке ие болып отыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкіметтің кеңейтілген отырысында ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев құрылыс нарығын монополиясыздандыру және оны бәсекелі дамыту жөнінде шаралар пакетін қабылдауды тапсырды.

Тоқаев елімізде құрылыс саласында нағыз бәсекелестік жоқ екенін айтты.

Елімізде бірнеше құрылыс компаниясы ғана үстемдікке ие болып отыр. Коммерциялық нарықта мемлекеттік тапсырыс саласы да солардың қолында. Шын мәнінде олар бұған әкімшілік-құқықтық ресурстар арқылы қол жеткізеді, - деп түсіндірді Мемлекет басшысы.

Өз кезегінде Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке тапсырма берді.

Үкіметтен Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен бірлесіп, құрылыс нарығын монополиясыздандыру және оны бәсекелі дамыту жөнінде шаралар пакетін қабылдауды тапсырамын. Тендерлерді үнемі жеңіп, содан кейін құрылыс жобаларын қосалқы мердігерлік компанияларға, қосалқы мердігерлік компанияларға беретін құрылыс компанияларының есімдері белгілі, - деп айтты Президент кеңейтілген отырыста.

Өзгелердің жаңалығы