Президент экономист Олжас Құдайбергеновті қабылдады

<h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы экономист Олжас Құдайбергеновті қабылдады.</h4>

 25 Қараша 2019 2019, 17:52
25 Қараша 2019 2019, 17:52
4992

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы экономист Олжас Құдайбергеновті қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Кездесу барысында стратегиялық жоспарлау, бағдарламалық құжаттарды әзірлеудің тиімділігі, мемлекеттік органдардағы бюрократиялық рәсімдерді қысқарту, сондай-ақ, Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесін жаңғырту мәселелері талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің экономикалық дамуының өзекті мәселелері бойынша нақты ұсыныс жасауды тапсырды. 

Наверх