Президент екі халықаралық келісімді ратификациялады

Құжаттардың мәтіні ресми баспасөзде жарияланады.

 Ақорда Бүгiн 2026, 21:04
Бүгiн 2026, 21:04
169
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев екі халықаралық келісімді ратификациялады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы ТМД-ға қатысушы елдер арасындағы радиациялық жағдай мониторингі деректерімен алмасу туралы келісімді ратификациялау жөніндегі заңға қол қойды.

Сонымен қатар Президент Әзербайжан, Қазақстан және Өзбекстан арасындағы жасыл энергияны өндіру және жеткізу саласындағы стратегиялық әріптестік туралы келісімді ратификациялау туралы заңды бекітті.

Құжаттардың мәтіні ресми баспасөзде жарияланады.

Наверх