Президент бюджеттік трансферттердің көлемі туралы заңға қол қойды

1 Желтоқсан 2022, 17:50
868
Бөлісу:
Президент бюджеттік трансферттердің көлемі туралы заңға қол қойды

Мемлекет басшысы «Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттері арасындағы 2023 – 2025 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақорда-ға сілтеме жасап. 

Сонымен қатар Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Жекеше секторға және экономиканы неғұрлым орнықты қалпына келтіруге негізделген даму саясатын қаржыландыруға арналған қарыз) ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

 

Заңдардың мәтіні баспасөзде жарияланады.

Өзгелердің жаңалығы