Президент болашақта болатын қоғамдағы өзгерістерді айтты – Абаев

20 Желтоқсан 2019, 14:02
3513
Бөлісу:
Президент болашақта болатын қоғамдағы өзгерістерді айтты – Абаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгінгі Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің кезекті отырысы өткен Тәуелсіздік сарайында үлкен баннер орнатылған. Отырыстан кейін журналистер ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаевтан неліктен мұндай баннер орнатылғанын сұрады.

Министр ел президенті өз баяндамасында еліміздің келешегі үшін маңызда жұмыстарды, заңнамалық өзгерістерді баяндағанын айтып, журналистерден жиынның мақсаты мен мәнін халыққа дұрыс жеткізуді сұрады. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жалпы елімізде болып жатқан, қоғамда болып жатқан өзгертулер бойынша өте қызық нәрселерді айтты. Сіздер қойып жүрген мәселелердің көбісін айтты. Экриминализация бойынша, саяси партиялар бойынша көбісін айтты. Басты нәрселермен жұмыс істеу керек. Сіздердің бүкіл сұрақтарың сол мәселе болып тұр. Бұл жерде қазір мемлекет басшысы 40 минут уақыт ішінде болашақта болатын қоғамдағы өзгерістерді талқылау үшін сол мәселелерді көтерген сот ішінде жүрген мүшелеріне сұрақты қоюдың орнына мені күнде көріп жүрген бір сұрақты үшінші, төртінші рет баннер туралы сұрап жатырсыз, - деп журналистерден қоғамдық мәселелерді талқылап, халыққа сол туралы жеткізуді сұрады.

Өзгелердің жаңалығы