Президент «Болашақ ойындары – 2026» сайысын ашық деп жариялады

29 Шілде 2026, 19:36
АВТОР
 ©BAQ.KZ/Артем Чурсинов 29 Шілде 2026, 19:36
29 Шілде 2026, 19:36
148
Фото: ©BAQ.KZ/Артем Чурсинов

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақ ойындары – 2026» сайысын ашық деп жариялады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

«Осы тамаша спорт мерекесін өткізуге атсалысқан барша азаматқа шынайы ризашылығымды білдіремін. Ұйымдастырушыларға, серіктестерге, төрешілер мен бапкерлерге, тиісті мамандарға және еріктілерге алғыс айтамын. Бұл ойындар халықтарымыздың тамыры терең достығын бекемдейді, береке-бірлігін арттыра түседі деп сенемін. Спортшыларға сәттілік тілеймін! Біз сіздерден тартысты ойын күтеміз. Ендеше, «Болашақ ойындары – 2026» сайысын ашық деп жариялаймын!», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

«Болашақ ойындары – 2026» сайысынығ ашылу салтанатында көрермендер театрландырылған шоу мен отандық эстрада жұлдыздары қатысқан концерттік бағдарламаны тамашалады.

29 шілде – 9 тамыз аралығында Астана қаласында алғаш рет киберспорт пен спорттың дәстүрлі түрлерін және жаңа технологияны ұштастырған халықаралық турнир өтеді.

Биылғы сайыстарға 34 елден келген 800-ден астам спортшы қатысады.

Астанадағы турнирде спортшылар фиджитал-футбол, фиджитал-баскетбол, фиджитал-жекпе-жек, фиджитал-шутер, фиджитал-би, Dota 2, Mobile Legends: Bang Bang және PUBG: Battlegrounds секілді 8 бағыт бойынша күш сынасады. 

Наверх