Президент: Біздің Қазақстаннан басқа Отанымыз жоқ және болмайды да!

29 Сәуір 2022, 13:40
1877
Бөлісу:
Президент: Біздің Қазақстаннан басқа Отанымыз жоқ және болмайды да!

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралыт Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының «Ел бірлігі – жаңарған Қазақстанның тірегі» атты ХХХІ сессиясында мәлімдеді. 

Біздің мемлекетімізде өмір сүріп жатқан барлық этнос өкілдері жалпыазаматтық құндылықтарға ортақтасып, өздерін Қазақстанмен байланыстыруы аса маңызды. Бұл Тәуелсіздік жылдарындағы үлкен жетістік және біз оны жан-жақты нығайтуымыз қажет. Партияда бейбітшілік пен келісім, халықтың бірлігі жаңа саяси реалийде аса айрықша мәнге ие дауыстар айқын естілуі тиіс, - деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Сондай-ақ Мемлекет басшысы сыртқы шиеленістерге тоқталып өтті. 

Этносаралық алауыздықты қоздыру мен азаматтарымыздың арасында алшақтықты қалыптастыру үшін қолданылып келген және қолданылатын сыртқы шиеленістерге жол берілмейді. Арандатушылар қай жерде тұрса да, қандай құжатпен жасырынса да, қандай киім кисе де, біздің бірлігімізді, өзіндік саясат жүргізуге біздің мемлекеттің құқығын бұзбауы тиіс және бұза да алмайтындығын басшылыққа алу қажет. Баршамызға бейбітшілік пен ынтымақтастығымыз – онсыз болашағымыз болмайтын құндылықтарымыз екендігін естен шығармаған абзал. Біздің Қазақстаннан басқа Отанымыз жоқ және болмайды да! - деді Президент. 

Өзгелердің жаңалығы