Президент бірқатар елшіні тағайындады

18 Сәуір 2023, 10:25
820
Бөлісу:
Президент бірқатар елшіні тағайындады
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысының жарлықтарымен бірқатар елші тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстан Республикасының Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіндегі Төтенше және өкілетті елшісі Мағжан Жанботаұлы Ілиясов Қазақстан Республикасының Исландиядағы, Ирландиядағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды;

Қазақстан Республикасының Швейцария Конфедерациясындағы Төтенше және өкілетті елшісі Қайрат Асаниязұлы Саржанов Қазақстан Республикасының Лихтенштейн Князьдігіндегі, Ватикан Мемлекетіндегі және Иерусалим, Родос және Мальта Қасиетті Иоаннының Егеменді Әскери Госпитальерлер Орденінің жанындағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.

Өзгелердің жаңалығы