Президент бірқатар азаматты марапаттады

27 Қыркүйек 2022, 16:16
1239
Бөлісу:
Президент бірқатар азаматты марапаттады

Бұл туралы Ақорданың ресми сайты жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мемлекет басшысының 2022 жылғы 26 қыркүйектегі №1023 Жарлығымен аса үздік жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін:

«Парасат» орденімен Шымкент келбеті» – «Панорама Шымкента» газетінің бас редакторы Бақтияр Байдуллаұлы Тайжанов;

«Құрмет» орденімен Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Ә.Марғұлан атындағы археология институты» РМК бас директоры Бауыржан Әбішұлы Байтанаев;

«Құрмет» орденімен Шымкент қаласы «№2 қалалық аурухана» МКК дәрігері Есенгелді Ибрагимұлы Бегешев;

«Ерен еңбегі үшін» медалімен «Шымкент қаласының кешенді жоғары спорт шеберлігі мектебі» КММ спортшысы Ксения Александровна Хан;

«Шапағат» медалімен Шымкент қаласы «№ 89 IT мектеп-лицей» КММ тәрбиешісі Әсем Мұхтарқызы Үсенова наградталды.
 

Өзгелердің жаңалығы