Президент бір айдан кейін Ұлттық Құрылтайдың алғашқы отырысы өтетінін айтты

29 Сәуір 2022, 12:22
1179
Бөлісу:
Президент бір айдан кейін Ұлттық Құрылтайдың алғашқы отырысы өтетінін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Ел бірлігі – жаңарған Қазақстанның тірегі» атты ХХХІ сессиясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті.

Бір айдан кейін «Ұлттық құрылтай» жаңа диалог алаңының бірінші отырысы өтеді.  Құрылтайда ел дамуының өзекті мәселелерін талқылау үшін қоғамды біріктіруге шақырылады, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХА 31-сессиясында.

Қасым-Жомарт Тоқаевтің айтуынша, бұл бастама ұлттық диалогтың әмбебап үлгісіне айналады.

Құрылтайға депутаттар, Ассамблея мүшелері, сарапшылар мен құқық қорғаушылар, барлық облыстардың, сондай-ақ Азаматтық альянстың, қоғамдық кеңестердің, үкіметтік емес ұйымдардың, бизнес қауымдастықтар мен өндіріс саласының өкілдері қатысатын болады , - деді Мемлекет басшысы.

Өзгелердің жаңалығы