Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Премьер-министр Әлихан Смайылов айтты.
Президент берген тапсырмаларды жедел әрі нәтижелі орындау керек. Президенттің біздің жұмысымызға қатысты кеше айтылған сыны өте маңызды екенін атап өткім келеді. Барлық мемлекеттік органдар, әкімдіктер мен квазимемлекеттік сектор белсенділігін арттыруы қажет, -деді Әлихан Смайылов.
Ол бірінші кезекте басшылар Президент тапсырмаларының орындалуын жеке бақылауға алуы керек екенін айтты.
Жобалар мен бағдарламалардың барлығы өңірлерде жүзеге асырылады. Олар халықтың әл-ауқатына тікелей әсер етеді. Сондықтан Үкімет пен әкімдіктер өзара тығыз байланыс орнатып, әрбір мәселені бірлесіп шешуі керек. Жалпы Үкімет жұмысының нәтижелі болуы әрқайсымыздың тиімді жұмыс істеуімізге байланысты. Ел экономикасының дамуы, азаматтардың тұрмыс сапасының жақсарғанын сезінуі үшін жоспарланған жұмысты бірлесіп жүзеге асыруға күш салуымыз керек. Бақылауды өзім жасаймын, -деді Үкімет басшысы.