Президент бастамалары мемлекеттік басқару жүйесін «қайта жүктеу» үшін жағдай жасауы тиіс – сарапшы

2 Қыркүйек 2020, 11:15
1341
Бөлісу:
Президент бастамалары мемлекеттік басқару жүйесін «қайта жүктеу» үшін жағдай жасауы тиіс – сарапшы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Тұңғыш Президенті қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтының (ӘЭСИ) сарапшысы Ерлан Мәдиев  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арналған дәстүрлі Жолдауында айтылған мәселелерге тоқталды.

Қыркүйектің басында халыққа жыл сайынғы жолдауын арнау қазіргі Президент үшін саяси дәстүрге айналып келеді. Мемлекет басшысының биылғы Жолдауы да дәл өткен жылғыдай кезекті парламенттік маусымның басталуымен тұспа-тұс келді. Бұл Жолдаудың айырмашылығы сол, ол ғаламдық COVID-19 пандемиясы салдарынан болған ауқымы теңдессіз дағдарыс аясында жолдануы. Осыған қатысты жыл сайынғы президенттік құжаттың стратегиялық және ұзақмерзімді сипаты едәуір артып, күн тәртібінде ұсынылып отырған жоспарлау аясы кеңейді. Қ.Тоқаев сөзіндегі алғашқы бөлімді мемлекеттік басқару жүйесін реформалауға арнады. Президентінің былтырғы Жолдауы да осы тармақпен басталған болатын. Алайда, өткен жылғы құжатта реформалардың жалпы сұлбасы қаралса, биыл коронадағдарыс аясындағы Жолдау жүйелі сипат алып, нақты тапсырмалар және көрсеткіштерімен ерекшеленді. Бір жағынан, коронавирус пандемиясы мемлекеттік аппараттағы мәселелерді айқын көрсетті. Бұл дегеніңіз - тиімділіктің төмендігі, сыбайлас жемқорлық және бастаманың болмауы проблемалары, сондай-ақ жабық жұмыс сипаты, - деді ол.

Сарапшының айтуынша,  екінші жағынан, пандемия мемлекеттік жүйе бейімделуге мәжбүр қоғамдағы жүйелі өзгерістердің катализаторы болды. 

Мемлекеттік аппаратты қайта құрылымдап, жаңа жұмыс режиміне бейімделу қажеттілігі туындады. Алдыңғы қатарға мемлекеттік қызметтің үдемелі цифрландырылуы, шығындарды оңтайландыру, сондай-ақ, эпидемиологиялық дағдарыстарға және басқа да төтенше жағдайларға деген дайындықты арттыру міндеті шықты. Мемлекет басшысының бастамасымен, реформаларды жүйелі жүзеге асыру үшін Президентке тікелей бағынатын біліктілігі жоғары жаңа үйлестіруші орган - Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттік құрылады. Бір қызығы, тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында елімізде мұндай орган болған, оған «Қазақстан-2030» бағдарламасы сияқты стратегиялық реформалар пакетін әзірлеу міндеті жүктелді. Нақты нәтижелер мен жеке жауапкершілікті арттырудағы процесті шамадан тыс реттеуден алшақтайтын мемлекеттік басқару моделі де өзгеруде. Бұл тұрғыда мемлекеттік қызметшілердің тиімділігін бағалау үшін 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап факторлық-балдық шкаланы енгізу міндеті қойылды, - деді сарапшы.

Ерлан Мәдиев Президент бастамалары бүкіл мемлекеттік басқару жүйесін «қайта жүктеу» үшін жағдай жасауы тиіс екенін айтады.

Жеке жауапкершілікті арттыру үшін министрліктердегі жауапты хатшылар институтын жою жоспарланып отыр. Сондай-ақ, мемлекеттік аппарат пен квазимемлекеттік секторды ағымдағы жылы 10%-ға және келесі жылы 15%-ға қысқарту міндеті қойылды. Босаған қаржы ресурстарын жалақыны көтеруге бағыттау жоспарланып отыр, осылайша, сыбайлас жемқорлыққа жол ашатын мемлекеттік қызметтегі еңбекақы төмендігі мәселесін шешеді. Президенттің бүгінгі бастамалары бүкіл мемлекеттік басқару жүйесін «қайта жүктеу» үшін жағдай жасауы тиіс. Тиімді мемлекеттік жүйе бүкіл елдің табысты өмір сүруінің және одан әрі ілгерілеуінің негізгі шарты болып есептеледі, өйткені қазіргі дағдарыстан шығу жөніндегі негізгі жұмыс мемлекеттік аппаратқа жүктеледі, - деді сарапшы.

Өзгелердің жаңалығы