Президент Ақтаудағы көтерме сауда-тарату орталығын аралап көрді

18 Сәуір 2025, 12:45
571
Бөлісу:
Президент Ақтаудағы көтерме сауда-тарату орталығын аралап көрді
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысына жасаған жұмыс сапары барысында Ақтаудағы көтерме сауда-тарату орталығын аралап көрді, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Президент Ақтаудағы көтерме сауда-тарату орталығын аралап көрді

Мемлекет басшысына азық-түлік қауіпсіздігін сақтайтын мұндай нысанның аймақта алғаш рет салынғаны жөнінде баяндалды. Аталған орталық өңірді азық-түлікпен қамтамасыз ету, тұтынушылармен арадағы делдалдарды азайту және өнім бағасын төмендету мақсатында бой көтерген.

Президент Ақтаудағы көтерме сауда-тарату орталығын аралап көрді

Аумағы 80 мың шаршы метр болатын кешенде 40 мың тонна өнім сақтауға болады. Жобаны жүзеге асыруға 5 миллиард теңге инвестиция тартылған. Жыл соңына дейін орталықтың екінші кезеңін іске қосу жоспарланған, - делінген Ақорданың хабарламасында.

Қазіргі кезде өнім жеткізумен айналысатын отандық ірі кәсіпкерлермен келісімшарт жасау жұмыстары белсенді түрде жүргізіліп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы