Президент АҚШ елшісі Дэниел Розенблюмді қабылдады

14 Қараша 2022, 14:38
638
Бөлісу:
Президент АҚШ елшісі Дэниел Розенблюмді қабылдады

Мемлекет басшысы АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дэниел Розенблюмді қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Кездесуде Президент Қазақстан АҚШ-пен барлық бағытта стратегиялық серіктестікті нығайтуға және кеңейтуге мүдделі екенін жеткізді.

Өз кезегінде Дэниел Розенблюм Қазақстан Орталық Азиядағы сенімді серіктес екенін атап өтіп, АҚШ тарапы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың  жүргізіп жатқан реформаларын толығымен қолдайтынын мәлімдеді.

Президент АҚШ елшісі Дэниел Розенблюмді қабылдады
Өзгелердің жаңалығы